2022-23 оқу жылы
Ұлдар тәрбиесі
Мектебімізде 8-11сынып ер балалар және ата-аналарының қатысуымен кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, жол қауіпсіздігі және буллинг, кибербуллингтің алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға Арал ауданы білім бөлімінің мамандары Құдайбергенова Балғын, Әлжанов Жәнібек, мектеп инспекторы Сұлтанбекқызы Ақерке және мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер қатысты.
Жиында ата-аналарға қазіргі таңдағы белең алып бара жатқан құқықбұзушылық, топтасып төбелесу, жоғарғы сынып ер балаларының көлік жүргізу фактілері, кешкілік уақытта оқушылардың ата-анасыз жалғыз жүруі, зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы жан-жақты түсіндірілді. Оқушыларға ақыл кеңестер айтылып, тәртіпті, тәрбиелі болуға шақырылды.
https://www.facebook.com/share/p/hHAn35oxZJzXKxJi/
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының ардагерлерімен
«Отанын қорғау-қасиетті борыш» тақырыбында мектебіміздің 9-10сынып ер балалармен ерлік сабағы ұйымдастырылды.
Қарулы күштер ардагерлері: Мұратбаев Алдамберген, Кирбаев Бахыт, Жиеналиев Ақәділ, Иманғазиев Назар, Лекеров Қайратбек, Қожамберлиев Әбдірахман, Утенов Еділ ағаларымыз оқушыларға ерлік — табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі. Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі екендігін түсіндіріп және әскерде бастан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, Отанға қызмет ету әрқашан ер азаматтың борышы екенін атап өтті.
https://www.facebook.com/share/p/ZYsjja2x1eYsxggL/?
Ұлдар тәрбиесі.
2023-2024 оқу жылы
Оқушылар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, бағытында жүргізілген жұмыстар есебі.
Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында жыл басында 2003-24 оқу жылына арналған ведомстваларалық бағытта іс -шара жоспары жасалынып, мақсат-міндеттер айқындалды.
Кешкілік беймезгіл оқушылардың жүрісін қадағалау мақсатында ерікті мектеп мұғалімдерінен құралған мұғалімдер жұма, сенбі күндері рейдтік шараларға шығып отырады.Сонымен қатар 5-11 сынып бойынша оқушылардың сабақ уақытындағы сабақтан тыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдері бұйрық бойынша бекітіліп, тәртібі қадағаланып отырады.
Мектебімізде қолайсыз отбасылар тіркелмеген. Мектепішілік есепке 2022 жылдың ақпан айы ІІІ оқу тоқсанынан бастап Аралқұм ауылынан көшіп келген Өтепбергенов Қолқанат деген 7 сынып оқушысы тәртібіне орай есепке алынып, қоғамдық жетекші тағайындалып, сынып жетекші , тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар тарапынан тәрбиелік іс-шаралар жүргізіліп, қазіргі таңда тәртібі дұрысталып, Құқықбұзушылық пен қадағалаусыздықтан алдын алу бойынша Кеңес құрамының шешімі бойынша мектепішілік есептен алынды.
Құқықбұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу бойынша Кеңес құрамы сайланып, алғашқы отырысы жасалынды, күн тәртібінде құқықбұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын-алу кеңесінің жұмыс барысы, мектеп тәртібінде қиындық келтіріп жүрген, отбасы жағдайы төмен, әлеуметтік жағынана аз қамтылған отбасы балаларының жай күйіне бақылау жасау жүмыстары сөз болды .
Қыркүйек айында «Полицияның жас көмекшілері» жасағы ұйымдастырылып, оқушыларға жасақтың мақсат міндеттері таныстырылды.
Құқықбұзушылық пен зорлық- зомбылықтың алдын-алу мақсатында Арал ауданының полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы, полиция майоры -Н.Тасқынбаев, Арал АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға учаскелік полиция майоры -А. Сермағамбетова, ЮПТ полиция лейтенанты -Б.Ерекеев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Сералиева, 8-9 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде: «Тәртіп –тәрбие бастауы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, жасөпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол –көлік оқиғасының алдын алу және өмір қауіпсіздігі ережелері,оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану,зиянды заттарды қолдануға тиым салу мәселелері сөз болды.
https://www.facebook.com/share/p/nwQq3Y8dPHsjvYS6/?mibextid=oFDknk
4 сыныптар бойынша «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
8-11 сынып оқушы қыз балаларымен кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ҚІІБ ювеналды полиция қызметкерлері, мектеп әкімшілігі, мектеп психологтары, мектеп медбикелері мен сынып жетекшілер қатысты. Жиналыс барысында мектеп инспекторы А.Сұлтанбекқызы қыздарға қалада орын алған құқық бұзушылықтар туралы айтып, заң бойынша көрілген шаралар жөнінде атап өтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп медбикелері жеке гигиеналық тазалық туралы әнгіме қозғап, қоғамдық жерлерде тазалық сақтау туралы айтты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сералиева мектеп формасы мен мектептің ішкі тәртібін атап өтіп, сақталуын қатаң талап етіп, ескертулер жасады. Жиналыс соңында оқушылар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу, болдырмау әрбір құқыққа қарсы қайшы әрекеті үшін жауапкершілігі туралы түсіндірме жасау және ҚР ІІМ-нің Жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге шақыру бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында Арал АПб-і бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары А.Т.Байоразова және полиция лейтенанты Б.Ерекеев, мектеп инспекторы А.Сұлтанбекқызының қатысуымен 10-11сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар арасында буллинг,кибербуллинг,лудмания,ерте жүктілік мәселелері туралы кеңестер берді.
Арал ауданы бойынша білім беру ұйымдарында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының алдын алу, қауіпсіздігін сақтау, бағытындағы бірлескен түсіндірме жұмыстары болып өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, полиция полковнигі Қ.Шүкіров , ата –аналар кеңесінің төрағасы Н.Зағатов, қамқоршылық кеңесі төрағасы Н.Оспанов, мектеп әкімшілігі және 7-11 сынып ата аналар қатысты.Жиында ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата -аналардың ұсыныс пікірлері тыңдалып, кеңестер берілді.
https://www.facebook.com/share/p/nckxAyoVuNKHQUGb/?mibextid=oFDknk
«Ертеңіңді ойласаң –есірткіге жолама» тақырыбында 11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары ұйымдыстырылып, оқугшыларға есірткінің зияны, алдын алу бойынша түсіндірме жүргізіліп, жадынама таратылып, бейнеролик, слайдтар көрсетілді.
2 сыныптар бойынша интернет қауіпсіздігінің алдын алуға орай «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.Әлеуметтік желінің қауіпдік шаралары туралы оқушыларға түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетіліп, ақпарттар берілді.
«Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында мектеп инспекторы мен бастауыш сынып оқушыларымен бірге ақпараттық сақтық шаралары туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары айтылды.
«Вейіпсіз әлем» тақырыбында балалар челленджі оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстану, вейптің зияны туралы түсіндіру мақсатында барлық сыныпта ақпараттық ағарту жұмыстары жүргізіліп, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/WXuNkj6zyu3wYfkn/?mibextid=oFDknk
Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, аниматор, аудармашы,Сенімен Болашақ республикалық ата-аналар қоғамдастығы бірлестігінің психологы, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, БҰҰ -ның балалар қорының ұлттық тренері, сырбойылық ару Сымбат Абдрахманова мен мектебіміздің 9-11сынып оқушыларының кездесу кеші болып өтті.Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдер арасында қоғамда кең тарап, қасірет алып келуші лудомания, ойынқұмарлық мәселелері туралы, тәуелділік, буллингтің салдары,зорлық -зомбылық және оны болдырмау, болашақ мамандық таңдауда қателеспеу және бос уақытты тиімді ұйымдастыра білу, арман -мақсаттарға қол жеткізу және т.б мәселелер туралы түсіндірме жасап, ақыл кеңестер берді.
https://www.facebook.com/share/uUYrjEC5EHFSr1Wq/?mibextid=WC7FNe
Жасөспірімдер арасында нашақорлық мәселелері туралы ақпараттандыру деңгейін өсіру, жасөспірімдер арасында алкогольді, вейп, СНЮС, басқа да есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 8-9сыныптар арасында «Зиянды заттарды қолданбау -денсаулыққа бастар жол » тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
«20-қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай «»Қатыгездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбыныдағы апталық аясында «Мен қарсымын –лудомания, буллинг, кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1747347195778455&id=100015095731921&mibextid=Nif5oz
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1748267499019758&id=100015095731921&mibextid=Nif5oz
«Талап бар жерде, тәртіп бар» тақырыбында мектеп инспекторы А.Сұлтанбекқызының ұйымдастыруымен сыныптар бойынша түсіндірме жұмысы жасалып, қауіпсізідік мәселесі, құқықбұзушылық, буллинг, вейп пайдалану, қорқыту т.б мәселелер төңірегінде ескертпе жасалып, ақпараттар берілді.
-Арал АПБ-нің ЖПҚБ УПК- ры полиция капитаны Кенжалиев Даурен Ермекович полиция майоры Байұзақұлы Нұрғали,полиция капитаны Баймағамбетов Ермек Жайбергенович 11сынып оқушыларымен құқықбұзушылықты болдырмау, буллинг, кибербуллинг, алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңестер берді. https://www.facebook.com/share/p/TT4BLWfBnrSkCcgT/?mibextid=oFDknk
-Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арал аудандық прокуратураның прокуроры Р. Н. Нұрлыбаев, Арал АПб-нің ЮПт-ның УПИ-ры полиция аға лейтенанты Б.С. Құлияс және мектеп директоры Ә.Әбілбаевтың қатысуымен 9-11сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, көлік басқару, буллинг, лудоманияның алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/share/qWpkQQCSRwUHWQBh/?mibextid=oFDknk
15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 9-10 сынып оқушыларының ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.Кездесуге қонақ ретінде ауған соғысы ардагерлері Бисенбаев Серік, Дәрібаев Амандық, Әжіғұлов Зинет ағаларымыз келіп, тақырып аясында сөз қозғап, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Отанға қызмет ету, әскери борыш, азаматтық парыз әрбір ер азаматтың бойында мәңгі болу керек екенін айтып өтті. Мектеп директоры Ә.Әбілбаев және АӘТД оқыту-ұйымдастырушысы М.Зейнуллаев қонақтарға зор ықылас білдіріп, тек бейбіт күндерде кездесулер көбейсін деп тілек білдірді.