2022-23 оқу жылы
Мектеп театры
6 сынып оқушылары “Ертегілер еліне саяхат» тақырыбымен мектепішілік театр жұмысын жандандыру, оқушылардың басқа тілдегі халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру мақсатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, театр жетекшісі Рысдаулетова Гүлжайнаның ұйымдастыруымен қойылым ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды.
https://www.facebook.com/share/rB7GUyk7FuAzDGPb/?mibextid=WC7FNe
Мектеп театры жобасы аясында мектеп театрының жұмысын дамыту, насихаттау мақсатында «Театр мәдениет ошағы» атты фестиваль төңірегінде «Елін танытқан ерлер» тақырыбы аясында Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Қазыбек би мен Қонтажы хан» атты сахналық көрініс қойды. Мақсаты: Қазыбек бидің сөз тапқырлығы арқылы дау-дамайсыз мәселені шешіп, өз ерлігін көрсете білуін келер ұрпақ санасына сіңдіру. Оқушылар бойында сахна,театр мәдениетін қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/VPgKJcw4DjpJfkNc/?mibextid=WC7FNe
Мектебімізде «Мектеп театры» жобасы аясында 3-4 сынып оқушыларымен «Таза бұлақ», » Ер Төстік» «Бала Шоқан» «Бақша ағаштары», Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш » әңгіме -ертегілерінен үлкенді сыйлау, кішіні қүрметтей білу, мейірімділікті сіңіре білуді үйрету мақсатында сахналық қойылымдар ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/exDRR5EzTrDaTkDM/?mibextid=WC7FNe
Алаш қозғалысына 100жыл толуына орай бүгін мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, театр жетекшісі Рысдаулетова Гүлжайнаның ұйымдастыруымен 6 «А» сыныбы оқушыларымен “Әлихан Бөкейханов-Алаштың ардақты арысы” тақырыбында тәлім сағаты өткізілді.
https://www.facebook.com/share/1f5Z7PtmUo9x5AQM/?mibextid=WC7FNe
Мектебімізде арнайы сынып оқушылары «Мектеп театры» жобасы аясында орыс тіліндегі «Теремок» ертегісін қуыршақтар арқылы бейнелеп, өздерінің белсенділіктерін танытты.
https://www.facebook.com/share/MgWLAKThEL27bddE/?mibextid=WC7FNe
«Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары» тақырыбында мектепішілік ұйымдастырылған апталық аясында Алаш қайраткері Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларындағы өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланған шығармаларынан 7сыныптар арасында сахналық қойылым ұйымдастырылып,
Бас жүлдемен 7″б» сыныбы
І орынмен 7″в» сыныбы
ІІ орынмен 7 «А» сыныбы
ІІІ орынмен 7″ә» сыныбы марапатталды.
https://www.facebook.com/share/r41eD3pMGhP2e8cj/?mibextid=WC7FNe
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман.
Оқушыларымыздың бойында өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тәуелсіздігінің қадірін ұғындыру, патриоттық сезімін дамыту мақсатында «Мектеп театры» жобасының жетекшісі Рысдаулетова Гүлжайнаның ұйымдастыруымен 6-7сынып оқушылары арасында “Желтоқсан желі ызғарлы” тақырыбында қойылым өткізіп, тарихи сәттерден үзінділер бейнеледі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1545635755949601&id=100015095731921&ref=embed_post
2023-20204 оқу жылы
Мектеп театры
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды.Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарының тәрбие бағытындағы жұмыстарының мазмұнын толықтыру мақсатында «Мектеп театры» жобасы қолға алынған болатын. «Мектеп театры» жобасын енгізудегі мақсат – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау. Бұл жоба мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа таланттардың жолын ашады. Оқу жылының басында мектеп театры жобасының кестесі бекітіліп, жоба жетекшісі тағайындалып, театр мүшелерінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды.
«Мектеп театры» жобасы аясында мұғалімдер Үдербаева Құралай мен Сарсенбаева Салтанат «Қоян — тігінші» ертегісі бойынша сахналық қойылым ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың сөйлеуін дамыту, мектеп оқушыларының сөздік қорын белсендіру, диалогтік сөйлеуді жетілдіру, сонымен қатар театрлық іс-әрекеттер арқылы көркемдік қабілеттерін дамыту.
Шара барысында балалар рөлдерді сомдап, ән мен би биледі.
https://www.facebook.com/share/v/DigEaE2cBDjbE4Rk/?mibextid=WC7FNe
“Мектеп театры” жобасының жетекшісі Рысдаулетова Гулжайна ұйымдастыруымен қазақ халқының шығармалары, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы түсінік беру,
оқушылардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдыру мақсатында “Ертегілер еліне саяхат” тақырыбында көрініс қойылды.
https://www.facebook.com/share/2rvfUzWie8gFFcQk/?mibextid=WC7FNe
«ҚАН МЕН ТЕР. АҚБАЛА» трагедиясы.
“Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің
“Қан мен тер” трилогиясы бүгінгі күнгі оқушы талабынан шығып, талғамын тұшынтқан, жалпы совет әдебиетіндегі идеялық һәм көркемдік деңгейі жоғары күрделі шығармалардың бірі.
…Тәңірберген трилогиядағы ең бір тамаша сомдалған типтік образ. Ол астарлы да, терең де, ойлы, қауіпті образ.
…Ақбала Анна Каренина мен Катериналардың типіндегі әйел”.
https://www.facebook.com/share/v/vPbma2mPH5p7emDm/?mibextid=WC7FNe
«Тарихпен тамырлас Тәуелсіздік» тақырыбында «Мектеп театры» жобасы аясындағы 5-6сынып оқушыларының сахналық қойылымы.
Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі. “Мектеп театры” жобасының жетекшісі Рысдаулетова Гулжайнаның ұйымдастыруымен театр мүшелерімен бірге биылғы оқу жылында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, түсіндірме жасалды.