2022- 2023 оқу жылы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Махаббат, қызық мол жылдар» романы аясында оқырмандар конференциясы өткізілді.
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқымаған қазақ аз шығар. Қазақ түгіл өзге тілдерге аударылған бұл роман көршілес елдердің оқырмандарының жүргенінен де орын тапты.
Романның басты кейіпкері — Ербол есімді соғыстан оралған азамат. Ербол майданнан аман-есен қайтып, жоғарғы оқу орнына түсіп журналист болуды көздейді. Өзі түскен курстағы 30 қыздың арасында жалғыз бидай болып жүрген Ербол махаббатын кездеспей қояды ма? Алайда оның ұнатқан қызы Меңтай өзге жігіттің жары болуға уәде беріп қойған екен. Автор романның соңына дейін бірін бірі сүйген екі жас арасындағы интриганы сақтап, күтпеген оқиғамен бітіреді.
Алайда, кітап тек Ербол мен Меңтай жайлы ғана емес. Махаббат жайлы ғана емес. Бұл басына күн туса да өмірдің жарқын тұстарын көре білетін студенттік өмір жайлы, адалдық жайлы, арамдық жайлы да. Автордың соғысты бейнелеуі туралы бөлек айтып кету керек. Ол соғысты тек ішінен ғана емес, сыртынан да керемет суреттей білді. Неміс зеңбіректерінің жалыны майдандағы ер азаматтарымыздың тағдырын өзгертіп қана қойған жоқ, олардың елде қалған сүйікті жарларының да тағдырына әсер етті: біреудің қалыңдығы басқаның әйелі болып, енді үйленген келіншектер жесір болып та қалды.
Алайда, тағдыр жазған қиыншылықтарға төтеп бере алу жүрегінде отанына, достарына, туыстарына және әрине сүйікті жарына деген махаббат жалыны бар адамның қолынын ғана келетінін автор толықтай түсіндіре білді.
«Оқуға құштар мектеп » жоба аясында «Бәріміз кітап оқимыз!» 20минуттық кітап оқу үрдісін жалғастыру мақсатында 2«А»сынып оқушысы Шамай Шаттық қазақ ауыз әдебиетінің өшпес кейіпкері – Алдаркөсе туралы әңгімелеп берді.
Мақсаты:оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру, білімінің кітап арқылы берілетінін ұғындыру жалғастыру.
https://www.facebook.com/share/v/CTk7nZAmBb67Dbm9/
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жастарымызды рухани байлық алуға шақыру мақсатында кітап оқу сағаты ұйымдастырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады деген еді.
Мектебімізде осы бағытта мұғалімдер арасында ұжым болып кітап оқу үрдісі қолға алынып, мемлекет басшысының әрбір тұлға оқуға тиіс деп кеңес берген, идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін діни дәлелдер, қазақтың ойшыл зиялыларының түйінді, кестелі пайымдарымен түсіндіруге тырысатын, адамзатқа ортақ құндылықтар, рухани бай, мінезі көркем, білімі терең адам болу, кемелдену кедергілерінен өтудің жолдары, мотивациялық ойлар мен мысалдарға толы, құнды белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын толық оқып, тұлғалық дамудың түрлі тетігін тануды мақсат етті.Кітап аясында тақырыптар бойынша
пән бірлестіктері кітап мазмұнын жеткізе білді.
https://www.facebook.com/share/p/XHGSypAhY4mJzxAY/?
1-наурыз –алғыс пен ризашылық күніне арналған «Алғыс айту парызым» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
https://www.facebook.com/share/p/XhRAUyAuz5dtbLDR/?
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында балалар әдебиетінің жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»повестін 5-6 сынып оқушылары талқылады.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесті көптеген балалардың сүйіп оқитын шығармасы десек болады, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі. Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі- өнеге алуға шақырады. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелейді. Мақсты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, сөздік қорын көбейту, өз ойын еркін айтуға машықтандыру, дағдыландыру.
https://www.facebook.com/share/p/xbbw3znYWxMWWGHi/?mibextid=oFDknk
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында 2«А»сыныбында «кітап оқитын әке», «Кітап оқитын ана»тақырыбында 20минуттық кітап оқу үрдісі жалғастырылуда.
Балалар жылына орай республикалық «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге баулу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын талқылады.
https://www.facebook.com/share/p/jceMcX7nP8vFaxBv/?mibextid=oFDknk
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханшыларының ұйымдастыруымен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 8-сынып оқушылары арасында Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқып, талқылады.
2023-2024 оқу жылы
«Оқуға құштар жобасы» бойынша жұмыстар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің ұлттық қоғамдық сенің кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын бекіткен болатын. Мектеп кітапханамызда көркем әдебиеттер тізімін 4 бағыт бойынша жүзеге асырдық. Соның бірі – «Coworking» орталықтарын құру. Баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін коммуникативтік орталықта достарымен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шаралар, мерекелік кештер, шығармашылық кездесулер, зияткерлік ойындар және т.б. шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік мол. Сондай-ақ, кітапхана ресурстарын пайдаланып білім алуға болады.
Кітапхана қорын насихаттау, оқырмандардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, дамыту және ынталандыру. Ұлттық сана сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, жас ұрпақты кітап оқуға ынтасын арттыру; Сөйлеу мәнерін дамыту; кітапты сүюге баулу.
Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Оқырманның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өзін-өзі үздіксіз оқу арқылы тәрбиелеу өз ойларын жеткізе білуге қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.
Тақырыптық кітап көрмелерін өткізу, жаңа әдебиеттерге көрме шолу ақпарат күндерін, әдеби кештерін, мерекелерін басқа да шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханшыларының ұйымдастыруымен бір мезетте ұжыммен кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында «20минут кітап оқы да, 3 минут эссе жаз» акциясы болып өтті. Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқып, оқығандары туралы қысқаша жазба жазды.
https://www.facebook.com/share/p/cQkezTa5D3mTH8mH/?mibextid=WC7FNe
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжебаева Арайлым 7 сынып оқушыларымен еліміздің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқып, талқылады.Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бүгінгі күнгі өзекті мәселелермен салыстыру жұмыстарын жүргізді. Жоба жұмысы одан әрі өз жалғасын табатын болады. Бұл шара өз кезегінде оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттыра отырып, кез келген істің өз құндылығын бағалауға үйретеді.
https://www.facebook.com/share/p/tCvKvaWA1AuWKrAb/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Балалардың отбасында ата-анасымен бірге кітап оқуы -отбасылық кітап оқу дәстүрін сақтауға, балалар мен әкелердің,аналардың бірлесіп оқуын ұйымдастыруға, олардың өзін-өзі шығармашылық жағынан танытуға ықпал ету, баланың табысты, әлеуметтік-белсенді тұлғасын дамыту, кітаптың рөлін арттыру болып табылады.Осы мақсатта мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Кітап оқитын әке және ана» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.
«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында
кітап оқуға, кітап алмасуға шақыратын қоғамдық қозғалысы. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
«Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыр. Осыған орай мектебіміздің кітапқұмар оқушылары оқыған кітаптары жайлы айтып, өзгелерге оқуға ұсынды
Балалар жылына орай республикалық «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге баулу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында М .Әуезовтың «Көксерек» шығармасы талдап, түрлі тапсырмалар орындады.
https://www.facebook.com/share/p/P5MzFog9xA3NMoQL/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3«А»сыныбында «Бәріміз кітап оқимыз!» 20минуттық кітап оқу үрдісі ұйымдастырылып, бірге кітап оқуды жүйелі жүргізіп келеді.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру, білімінің кітап арқылы берілетінін ұғындыру жалғастырылуда. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жастарымызды рухани байлық алуға шақыру мақсатында кітап оқу сағаты ұйымдастырылды.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханашысы Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай “Ұрпаққа із қалдырған дара тұлға” атты көрме жұмысы ұйымдастырылды.
Темірбек Жүргенов – ұлттың болашағын ойлаған, Өзбекстан мен Қазақстанның халық ағарту комиссары қызметін атқарып, тіліміз бен салт-дәстүріміздің ұлықталуына үлкен үлес қосқан бірегей тұлға екендігін кітапханашы Ж. Айназарова оқушыларға айтып, кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды. Көрме оқушыларға Қызылорданың тумасы Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметін таныстыру, мемлекет қайраткерінің мұрасын насихаттау мақсатында өткізілді.
Көрмеге Темірбек Жүргеновтің қызметі туралы жазылған кітаптар, материалдар мен фотолар қойылды.
https://www.facebook.com/share/p/MBV8oEuA1zvuwoT9/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-сыныптар арасында «Ең көп оқитын сынып» сайысы болып өтті
Сайыстың мақсаты:
оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу, оқыған кітаптарын талдай отырып, кітап оқуға баулу.Кітапханашы Ж.Айназарова бар білім мен ғылымның қайнар көзі кітапта екендігін айтып оқушыларды кітаппен дос болуға, кітапты көп оқуға шақырды, сайысты қорыта келе , оқырмандарға өз алғысын білдіріп, қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.
https://www.facebook.com/share/p/P4XApeYr3DFVMRTs/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау, оқылған кітаптан қорытынды жасауға үйрету, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу мақсатында «Мен оқыдым және оқуға кеңес беремін» тақырыбында библио- кроссқа мектеп оқушылары белсене үн қосуда.
https://www.facebook.com/share/p/5wWF2K76eRFZaqWf/
«Оқуға құштар мектеп» жобасын дамыту мақсатында «Үздік оқырман отбасы» байқауы ұйымдастырылылды.
Мақсаты: Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Отбасындағы балаға кішкентай кезден кітап оқуға көңіл бөлу — болашақта оның тәрбиелі де, білімді, еліміздің мақтанышы болып өсуінің кепілі. Яғни, небір тәрбиенің, кереметтің бәрі кітапта, көркем әдебиетте екені сөзсіз.
Сайыс отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыскерлер төмендегі кезеңдер бойынша бақ сынады.
1-кезең. «Қанеки, танысайық». (Отбасылық командалардың өзін-өзі таныстыруы)
2-кезең. «Үй тапсырмасы». «Біздің сүйікті кітабымыз» отбасымен бірге кітап оқу, оқыған шығармасын айтып, тыңдаушыларды оқуға шақырады
3-кезең. «Кім тапқыр?» оқылған үзіндінің атын, авторын табу.
«Үздік оқырман отбасы» сайысына 7-сыныптардан төмендегі сайыскерлер қатысты:
І . Көшербаевтар отбасы
ІІ. Нысановтар отбасы
ІІІ. Атабековтер отбасы
Сайыс нәтижесінде білімімен, өнерімен ерекшеленген Көшербаевтар отбасы үздік атанды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1сынып оқушыларын аудандық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасына апарып,жаңа әдеби қызықты кітаптармен таныстырды.Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың сүйікті оқырмандар үшін алар орны орасан зор. Кітапханашылар апайлар оқушыларды өте жақсы көңіл- күймен қарсы алды. Саяхат барысында оқушыларды сиқырлы кітап әлемімен, әр түрлі ертегі кітаптармен, киіз үйдің символы ретінде жасалған, ішінде еліміздің рәміздері және елбасымыз жайлы жазылған кітабымен таныстырды. Оқушыларымыз өте жақсы көңіл күйде қайтты
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Кітап оқитын мектеп – оқитын ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырыла бастады. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акция – «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп жобасы» 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді. Осы орай мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі желісі бойынша конференция өткізілді
https://www.facebook.com/share/p/isXfm1xzEuDytMFY/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 93 жасқа толуына орай жоғары сыныптар арасында «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы талқыланып,оқушыларымыз белсенділік танытты.
https://www.facebook.com/share/v/jnexRuN6RYimsRuu/
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, оқушыларымыз кітапхана қорын әр саладағы көркем әдебиеттермен толықтыру, жас оқырмандарға қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында мектеп кітапханашылары оқушыларымызбен Арал Аудандық Абай кітапханасына саяхат жасады.
https://www.facebook.com/share/p/ZgiyQbh9Cev24UDH/