Ата — анамен жұмыс

2021-2022 оқу жылы

Ата -аналармен жұмыс.

Балалардың отбасында ата-анасымен бірге кітап оқуы -отбасылық кітап оқу дәстүрін сақтауға, балалар мен әкелердің,аналардың бірлесіп оқуын ұйымдастыруға, олардың өзін-өзі шығармашылық жағынан танытуға ықпал ету, баланың табысты, әлеуметтік-белсенді тұлғасын дамыту, кітаптың рөлін арттыру болып табылады.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0yLQpYJkC6PuUrLzfuR4UXV35RtzHB5ETwS2EgD59XU6TwxKqtBMgZYGrBQTEUt5l&id=100015095731921

«Мектеп -ата -ана -бала» триадасының жұмысын жандандырып, ата-аналарды мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру мақсатында мектебімізде ата-аналар күні ұйымдастырылды.Ата-аналармен бірге күн тәртібінде баланың бос уақыты(құқық бұзушылықтың алдын-алу, буллинг, кибербуллинг, вэйп, нашақорлықтың алдын-алу, интернет тәуелділік, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселері), Iоқу тоқсанының қорытындысы,оқушының сабақ үлгерімі,кітап оқуға баулу, оқушылардың үйірмелерге қатысуына ықпал жасау сынды өзекті тақырыптарында кеңінен мәселелер талқыланып, тренинг жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс пікірлер мен отбасы тәрбиесінде қатысты кеңестер берілді.

https://www.facebook.com/share/p/GbjWVQRQXP1MmpaB

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең,Есік алдыңда төбең болса, ерттеп қойған атпен тең.»- дейді халық даналығы. Қарттар қашанда құрметке лайық! «1-қазан Халықаралық қарттар мерекесі» қарсаңында мектебімізде 4сынып оқушыларының аяулы әжелерімен «Асыл әже — ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем » тақырыбында сайыс ұйымдастырылып, әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салып, ақ батасын берді.

https://www.facebook.com/share/p/hWSQsCGcpjKVFuSd/

Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай аймақ дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтарды дәріптеу мақсатында 4сынып оқушыларымен бірге ауданымызға белгілі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, күйші -сазгер Мұрат Сыдықов ағамыздың аяулы жары, абзал ана, мәдениет саласының үздігі, майталманы Базар Қостаева апайымызбен «Ел Тәуелсіздігіне -30жыл. Тәуелсіздік жетістіктері.» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында елімізге оңай жолмен келмеген егемендік туралы оқушыларымыз өлең оқып, ән айтып, сұрақ қойып, Базар апайымыздың өнегелі өсиеттері мен естеліктерін тыңдады. Қонақ кәде ретінде апаймыздан оқушыларымыз ән сұрап, кеш соңында қонағымыздың батасын алды.

https://www.facebook.com/share/p/uJ8J4KYQSH5s2Q3c/

Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін арнайы 1сынып оқушыларының ата-аналарымен мектеп психологтарының «Мен баламды қолдаймын! » тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, ата-аналардың пікірі тыңдалып, кеңес берілді.

https://www.facebook.com/share/p/YagejmCsJmAys5De/

Бақытты отбасында-бақытты балалар» атты оқушыларымыздың көпбалалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» аналарымен кездесу ұйымдастырылып, кездесу барысында тренингтер өткізіліп, ситуациялық сұрақтар қойылды. Аналарымыз берілген тапсырмаларды жақсы орындап, белсенділік танытты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02LVJjrMUGLvXUc8PN2Eth8wwLX5Soes72ejyTXXzskv1Ly13FZdv4WJHPWUNDzcUhl&id=100015095731921

Мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту, отбасы қарым-қатынасындағы сыйластықты қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі ерекше екендігіне мән беру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Рахметалиева Айсауленің ұйымдастыруымен «Әке – алтын діңгек» атты тақырыпта тренинг өтті.

2022-2023 оқу жылы.

Ата-аналармен жұмыс.

Отбасы тәрбиесінде әке ұл балаға, ана қыз балаға жауапты болады. Сондықтан, ұлтымызда «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген керемет ой саларлық сөз бар.Осы мақсатта бүгін аудандық мәдениет үйінде Аудандық білім бөлімі, №14мектеп- лицейі және №220 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Әке -отбасының алтын діңгегі» тақырыбындағы әкелерге арналған форум болып өтті.Форумға Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете –Төлеби Досымжанұлы ,«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, идея авторы Асанов Нұркен Жарылқапұлы, «Сенімен Болашақ» республикалық ата –аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Исмагулова Жансая Бердимуратовна, бала тәрбиесі бойынша эксперт — маман, педагог Елжас Ертайұлы, «Сенімен Болашақ» республикалық ата –аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филалының басшысы Арапбай Шерхан Жұмабекұлы және «Сенімен Болашақ» республикалық ата –аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының психологы Райхан Аманбайқызы, сонымен қатар әкелер қауымы, ата-аналар комитетінің төрағалары, ардагер ұстаздар және мектеп директорлары қатысты.Жиын барысында «Сенімен болашақ» – республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамға, елімізге жайлы орта қалыптастыруға, саналы ата-ана болуға үндеу, үлес қосу мақсатында құрылған үлкен бірлестік екендігі айтылып, осы идеяның авторы, қоғам қайраткері, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестіктің негізін қалаушы, ұрпақ жанашыры, қазіргі қоғамдағы ата –ана мен бала арасындағы ең өзекті мәселелерді көтеріп, қолдау білдіруші Асанов Нұркен Жарылқапұлы ұрпақ тәрбиесіне қатысты, оның ішінде әке тәрбиесінің маңызды тұстары мен ешбір мектеп бере алмайтын әкенің бала үшін тәлімінің ерекшеліктерін қозғап, жақсы ой саларлық пікірін білдірді.Форум ары қарай өзге қонақтардың сөзімен және семинар-тренингпен жалғасып, оқушылар мен әкелердің өнерімен жалғасты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0kY2h7r6Byz44ZEg4uiK58aVMUsnwANDQAtSev67DhndexD6zTTSN8JauDB26Qw5Tl&id=100015095731921

Ата-ана,бала, мектеп -бұл қашанда балалардың болашағына бастама жасайтын, ұрпаққа тәлім беруде, білім сапасын жақсарту жолында мызғымас үштік одақ екені айқын.Тәрбие жұмысының да табысты болуының басты кепілі бала-ата-ана мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың берік негізде болуында.

Осы орайда ата-аналармен байланысымызды одан әрі дамытып, жетілдіру мақсатында сыныптар бойынша ата- аналар комитеттерінің төрағаларымен бірге «АТА-АНА ОТБАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ» тақырыбында ашық пікірлесу отырысы ұйымдастырылды.Қонақ ретінде арнайы «Кәусар қолдау» жеке меншік мекемесінің басқарушысы,»Сырым»психологиялық кабинетінің негізін қалаушы,психолог, медиа тренер Бисенова Жания ханым қатысып, ата- аналармен тақырып аясында тренинг ұйымдастырып, отбасындағы тәрбиенің өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру бойынша ашық пікірлер айтылып, кеңестер берілді.Отырыс ары қарай мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Таңбетова Зибагул мен Нарегеева Мариямкүлдің «Мен қандай ата-анамын?»,»Бір мақсат.Бір мүдде.Ортақ нәтиже» тақырыптарындағы тренингтермен жалғасып, кері байланыс ретінде ата аналардың ұсыныстары тыңдалып, алған ақпараттар, тәжірибелерді бала тәрбиесінде қолдану қажеттілігі мен мектеппен қарым- қатынастың нығаюына жұмыстар жасалатыны айтылды.

https://www.facebook.com/share/p/zNWhZuZDfzgMRi56/

1Қазан- Халықаралық Қарттар мерекесіне орай ұйымдастырылған бастауыш сыныптар бойынша сынып сағаттары өткізіліп, ата -аналар шақырылды.

C:\Users\77011\Desktop\608bd92f-67f4-4895-957b-9a38ae4fc803.jpg

«Қарттарым-аман сау жүрші» тақырыбымен ашық тәрбие сағаты, «Елге сыйлы қарт ұстаз» тақырыбында 6 сынып оқушыларының ардагер ұстаздардың үйіне барып құрмет көрсетілді. «Қарттарым — аман сау жүрші» тақырыбында 4 сыныптар бойынша ашық тәрбие сағаттары болып өтті. «Ұстазыңды құттықта!» челленджі өткізіліп мектеп оқушылары мен бітіріп кеткен түлектер құттықтау жолдады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» 5сыныптар арасында сайыс өткізілді. 6-8 сынып оқушылар арасында «Ұстазыма ыстық ықыласпен» тақырыбында құрмет аптасы болып өтті. 11 сынып оқушылары арасында «Ұстаз болу адамның асылдығы» тақырыбында концерттік бағдарлама болып өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid028xWA7yqMApvY48Khg3DY2K4o9AeYUnbhVVXx6UctgG3igL1kB2Bg3ztFJzsgmdmjl&id=100015095731921

C:\Users\77011\Desktop\f62331a7-6712-4eb0-803a-a98d7c704c75.jpg C:\Users\77011\Desktop\608bd92f-67f4-4895-957b-9a38ae4fc803.jpg

C:\Users\77011\Desktop\4d23af6e-5a34-48d6-8023-9fb1bf825228.jpg

Қазақта керемет сөз бар «Отбасының өнегесі-Отанның өнегесі» деген, яғни бір түбірден тараған салиқалы отбасының орны, бір елдің айнасы іспетті.Осындай өмірлік мақсаты мен мұраттары айқын, түтіні түзу ұшқан, ынтымағы жарасқан Нұрмахановтар отбасы бүгін біздің мектебімізде қонақта болды.Отбасының тірегі Жайық атамыз мен Нәбира әжейдің тұңғышы, өнерлі ұлы Қуаныш пен Ханзададай келіні оқушыларымызбен әсерлі әңгіме өрбітіп, адамдықтың үлгісін көрсете білді.Кеш оқушыларымыздың өнерімен жалғасып, әрі қарай отбасы ынтымақтастығын байқатқан тренингпен және қонақ кәдемен тәмамдалды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gtbeYG2MECmxFHf6aDtjsA6PddkwTa5CDEekyLcbEnLrgBSG6wGqp4W1zgvV1Dm5l&id=100015095731921

Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыру мақсатында «Тәртіп. Тағылым. Тәрбие» атты Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына орай «Құқық және тәртіп» фракциясы мен АӘД пәні мұғалімі Жақсыбаев Айбектің ұйымдастыруымен атамыздың ерлік сабағы ұйымдастырылды.Қонақ ретінде Арал аудандық әскери зейнеткерлер төрағасы , запастағы майор Жұқабаев Жақсыбай атамыз келіп, оқушыларды жауапкершілік сезімге, әрқашан өз Отанын қорғауға дайын болу үшін ақыл-кеңестерімен бөлісіп, ақ батасын берді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0MVxFtQfQK11zs5CMisaB6Acp9nCsP6JeNbAEgeXzqu5pmW1Ty53fLaVUQZ9HvyJgl&id=100015095731921

Қарты бар үйдің — қазынасы бар» демекші , қарттарымыз қашан да құрметті жандар. Мектебіміздің мектеп парламенті фракциясының мүшелері қаламыздағы Компашев көшесіндегі № 17 үйдің тұрғыны Айтаңсық әжейдің үйіне барып, жағдайын біліп, қарт әжейге қолғабыс болды. Әжей риза болған оқушыларға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

https://www.facebook.com/share/p/xpsQoNgjSsAdwcnp/

«Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» дейді -педагог А.С.Макаренко.Баланың оқуы мен тәрбиесінде ата – ананың жауапкершілігін арттыру.Бос уақытты тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға ата –аналар тарапынан ықпал жасау.«Ата –ана –оқушы-мектеп» үштік одақтың жұмысын жандандырып, ата-аналарды мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру мақсатында мектебімізде

«ОТБАСЫ -ТӘРБИЕ ҰЯСЫ» тақырыбында ерекше форматта ата-аналар күні ұйымдастырылды.Ата-аналармен бірге күн тәртібінде баланың бос уақыты(құқық бұзушылықтың алдын-алу, буллинг, кибербуллинг, вэйп, интернет тәуелділік, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселері), Iоқу тоқсанының қорытындысы,оқушының сабақ үлгерімі,кітап оқуға баулу, оқушылардың үйірмелерге қатысуына ықпал жасау сынды өзекті тақырыптарында кеңінен мәселелер талқыланып, тренинг жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс пікірлер мен отбасы тәрбиесінде қатысты кеңестер берілді.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02gENf86E8Tg3XeUXvKXT9V7gzRRHQcMTiBBNX4DQ2cdrMhmL8Z9yiseMfgEgbW4Sjl&id=100015095731921

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан — қуат, отбасы — шуақ»себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Осындай мектеп өміріндегі қоғамдық іс -шараларға белсене араласып жүрген, балалары жан-жақты өнерлі, жарасымды Акуовтар отбасы мектебімізде қонақта болды. Жас ұстаздар мен оқушыларымызға бала тәрбиесінің қыр-сырын айтып, отбасылық дәстүрі мен қызықты сәттерімен бөлісті.Кеш ары қарай оқушыларымыздың өнерімен жалғасты.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0XGKM7SicqYCsXtiS3wdrRmodgr9W7sQsv7y3MUwivmBpCaFZZJHVnkp6njdgm9Gdl&id=100015095731921

Бұхар жырау «Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін» дейді. Өзіне қорған болған әкенің арқасында бала әрдайым алшаң басып, алдынан кездескен кез-келген қиындықты жеңуге дайын болады.Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі.Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі — отбасының үлкен бір бөлігі іспетті.Осы мақсатта мектебімізде «Әкелер кеңесінің» мүшелерімен бірге әкенің бала тәрбиесіне етене араласып, ортақ мәселелерді бірігіп шешуге шақыру үшін мектеп психологы Құттымұратова Найляның ұйымдастыруымен «Асқарым бар өте биік Әке деген » тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кездесу барысында тренинг жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесі жөнінде пікірталас ойлар, ұсыныстар және психолог маманның кеңестері айтылып, жапон жазушысы Тосимаса Оотаның «Ең керемет Әке» атты аударма кітабы сыйға берілді.

https://www.facebook.com/share/p/SeFbkb3iU42pvmdw/

2023-2024 оқу жылы.

Ата -аналармен атқарылған жұмыстар.

2023-24 оқу жылы бойынша мектебімізде ата –аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, ата-аналар комитететін құру туралы бұйрық шығарылды. 1-11 сыныптар бойынша ата –аналар комитеттері сайланып, ата –аналар комитетінің төрағасы болып Зағатов Нұрбек 10 сынып ата -анасы сайланды.

Қыркүйек айында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, күн тәртібінде балалар қауіпсіздігі, ата –аналар комитететін сайлау, суицидтің алдын алу, оқушылардың оқулықпен қамытылуы жағдайы, ағымдағы мәселелер бойынша тақырыптар талқыланып, ұсыныс пікірлер тыңдалды.

Биылғы оқу жылының ерекшелігіне орай мектебімізде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру, білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту;

отбасылық тәрбие процессінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арттыру мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» өз жұмысын бастап, жұмыс жүргізіп келеді. Ата –аналарды педагогикалық қодау мақсатында 1-4, 5-9, 10-11 сынып ата-аналарына бағдарлама аясында тақырыптар бойынша дәріс сабақтар жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар Даналық мектебі аясында Әжелер, Аталар, Әкелер, Аналар мектептері жұмыс жасап, ай сайын түрлі бағыттағы бірлескен іс- шаралар жүзеге асып отырады.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасына сәйкес

1-4 сыныптар бойынша :

1.Отбасы — бақыт бесігі. Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу

2.Білімдіге дүние жарық. Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?

3.Әрбір бала – жарық жұлдыз. Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?

4. Баланы жастан…Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады

5. Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны.

5-9 сынып бойынша:

1.Баланың бас ұстазы – ата-ана.Позитивті тәрбие.

2. Ақыл айтпа, жол көрсет.Жасөспірімнің бейімделуі.

3. Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер.

4. Бұлақ көрсең, көзін аш. Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту.

5.Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті.

10-11 сынып бойынша:

1.Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…

2. Көркем мінез – баға жетпес байлық.

3. Сен жанбасаң лапылдап…

4.Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы. Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады? тақырыптарында дәріс сабақтары, тренинг, түсіндірме сағаттары жүргізілді.

https://www.facebook.com/share/p/yhDs92bFkzoWMBtL/

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid024HzNuyMbbfWimbhYVo3fxv7iiruTEthuVqRQTHinRhALiF7rEmhsPjKqrQiDRU4Hl&id=100015095731921

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0UvgEoG4L7who8jqgrboAECqX2GzwXigrpjeaJ11qaUK6qJNBpf8cGG4Gm6DRD2xUl&id=100015095731921

https://www.facebook.com/share/p/SekrFWz14ek1aHXx/

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02Uo2nXrKwho2T92ZDkqGsPsLA2ecEe7TWYnmxKsdJjTmnMuSaLVyN1uyQGwQTPfEWl&id=100015095731921

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid031tRCnWGMsW7qak3EgxCMEMVhsa59BBMkob8zhNphtoJg3nQ6oBhK7DEaAXjtvfarl&id=100015095731921

https://www.facebook.com/share/p/9M7d9jgiBSZ9LBZx/

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0UpZXMunx8kLcvQRm1DDyYepuY5eEEUYGVH4aTz6LxjSf5QmtrzAk8axsJx9jUHUnl&id=10001509573192

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0rTpfKNiWp8qsXbVjrzFG9k9Lw79ZEiQTbiBiGrxUNQY3AUGqUKHc8whyDxUL3Rivl&id=100015095731921

Мектеп психологы Н.Орынбасарованың ұйымдастыруымен 8-9сынып әкелер арасында «Әкенің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында психологиялық жүздесу сағаты болып өтті.Әкелеріміз тақырып аясында өз пікірлерін айтып, тәрбие тұсында тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/share/v/FkSz6NzE5DfTdB7R/

Аналар мектебі аясында «Балалар үшін бірігейік!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балалғы тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша ортасы отбасы екендігін ұғындыру мақсатында түсіндірме жасалды. Аналар тренинг аясында өзіндік пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиелудегі тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/share/p/wbpF8WRuDC8EL8RF/

Мектеп жанынан құрылған тұңғыш балалары 1- сыныпқа келген жас буын аналармен «Баламмен бірге мектепке » алғашқы клуб отырысы болып өтті.

Отырыста «Мектепке дайын болу-оқи алу, санау, жаза білу емес, мектепке дайын болу-осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу» тақырыбында 1-сыныпқа келген балаларда кездесетін мәселелерді қарастырып, ашық пікір алысу болды. Ата — ана, бала,мектеп қарым-қатынас мәдениеті мен тұрақтылығын арттыру мақсатында клубқа мүшелер тартылып, жыл бойына өткізілетін жұмыс жоспарланып, клуб ережелері талқыланды.

https://www.facebook.com/share/p/9omHwVLJa88djUGV/?mibextid=oFDknk

Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында   отбасылық дәстүр мен үлгі өнеге, ынтымақтастықты жақсарту мақсатында мектебімізде «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігі, аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлескен «11 қыркүйек- Отбасы күніне» орай «Дені сау отбасы-ұлттың болашағы» тақырыбында жас отбасылар арасында спорттық шара өткізілді.

Сайысқа 11 жас отбасы қатысып, спорттық түрлі ойындар бойынша өз күш-жігерлерін көрсете білді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

9 сыныптар бойынша «Мен отбасыммен мақтанамын» эссе жазу, 5-6 сыныптар,

3-4 сыныптар «Мен және менің отбасым» фотосуреттер көрмесі, «Балалар үшін бірігейік!» психологиялық тренинг , 1-11 сыныптар бойынша «Отбасы –өмір аясы» тақырыптарында тәрбие сағаттары болып өтті.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0kV5eM95B5dNHwfJPG959MCf22pxnDktDSdTpZtKufCvZLi72QLiHpiF7s9AYdCN5l&id=100015095731921

Күзгі каникул күніне орай оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, кітапқа,сөзге ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы отбасын нығайту, кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері және тарихына құрметпен қарауға тарту мақсатында «Бір отбасы — бір кітап» ұранымен оқушыларымыз өз отбасы мүшелерімен кітап оқып, талқылады.

“Даналық мектебінің” кезекті жұмысы барысында бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Ляззаттың ұйымдастыруымен ата, әжелеріміз қонақта болды. Бас қосу барысында аталарымыз бен немерелері «Жеті атаны білу-шежіре бастауы» тақырыбында жеті атаны білу, қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі екендігін айтып, ата-бабасының есімдерін шежіреге жазып, әкесінен бастап, атасын, одан кейінгі ата-бабаларын, яғни жеті атасын жатқа айтты. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын – ел анасы әжелеріміз өз немерелеріне «Әжемнің әңгімелері» тақырыбында ой өрбітіп, салт — дәстүрді үйретіп, кейінгі ұрпаққа отбасының, ағайын — туыстың бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры – әжелерді қадір тұтуға шақырды. https://www.facebook.com/share/p/8KKrNUPuZ6b77M92/

1сынып оқушыларының ата –аналары арасында «Талантты отбасы» байқауы ұйымдастырылып, отбаслық тәрбие, үлгі ету, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау шарасы өз деңгейінде ұйымдастырылып, жақсы нәтиже көрсеткен отбасылар марапатталды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02X12UccWubParj1R3taqHYRfDc23bsJUyRJcqWVcjutdjLsJnan5WqWnrPaiWChJZl&id=100015095731921

Даналық мектебі аясында «Ырым тыйым әдептіліктің белгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып, әжелер мектебінің мүшелері қатысып, оқушыларға өздерінің тәрбиелік үлгі өнегелерін айтып, дәріптеді.

https://www.facebook.com/share/p/8KKrNUPuZ6b77M92/

Ұлттық ойындарымызды ұлықтау және ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты жүйелі жойға қою мақсатында «Ұлттық ойындар тәрбие тұнығы» тақырыындағы ұйымдастырылған жарысқа мектептен 35 әке қатысып, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу, асық ату сынды сайыстардан өзара күш сынасты. Нәтижесінде жарысқа белсене қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсеткен әкелер қауымы алғыс хаттармен марапатталды.

https://www.facebook.com/100016280466237/posts/1410225286196807/?d=w&mibextid=qC1gEa

C:\Users\Эльмира\Desktop\фейсь\da6e5dba-b20e-46dc-b745-37c0f227291b.jpg

 

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРАЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№220 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ