2021-22 оқу жылы.
Өзін -өзі басқару ұйымы.Мектеп парламенті
КӨШБАСШЫЛАР ОТЫРЫСЫ: Сөзден -іске! Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі өзін-өзі басқару туралы «Қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Мектептегі оқушылар арасында сайлау ұйымдастырылып, мектеп парламентінің мүшелері сайланып, оның құрылымында атқарушы органдар да болуы мүмкін, олардың әрқайсысы өз бағытына жауап береді. Бұл жүйе оқушыларға басқарудың не екенін түсінуге, олардың саяси және құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларға жауапкершілік жүктеп, өз бетінше әрекет етуге жағдай жасайды.»дейді. Осы мақсатта құрылған мектебіміздегі Парламент мүшелерінің бүгін отырысы ұйымдастырылып, отырыс барысында мектеп Парламент фракциялары бойынша көшбасшы оқушыларымыз мектептегі барлық білім алушалардың мүддесіне сәйкес бастамалар көтеріп, тиісті шешім қабылдауды және оларды жүзеге асырудағы мақсат жоспарларымен таныстырды. Мектеп директоры Ә. Әбілбаев оқушылардың жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, мектептегі өзін-өзі басқару білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және бар мәселені бірлесіп шешуге өз ықпалын тигізетінін атап өтті.
https://www.facebook.com/share/p/dDQm2FPytr7N6npB/
“Take a Break»
Мектеп парламентінің жетекшілері және өзін-өзі басқару фракциясының мүшелерімен ІІ оқу тоқсанындағы алға қойылған жұмыстармен танысу, іс-шараларды бірігіп атқару және белсенділіктерін арттыру мақсатында кезекті отырыс өткізіліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
https://www.facebook.com/share/p/Awo7n8PanrjnkaGA/
Мектебімізде «Жас Ұланның жұлдызды жылы» жылдық жоспарына сәйкес «Қанатты достар» акциясы аясында оқушыларымыз және «Экология және еңбек» фракциясының мүшелері құстарға қамқор болып, ұялар жасап, «Тағзым алаңы» саябағындағы талдарға ілінді.
https://www.facebook.com/share/v/dGdXPANjEaCcjV5W/
Мектебіміздің мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Экология және еңбек» фракциясының ұйымдастыруымен белсенді оқушыларымыз мектеп ауласын тазартты.
Әрбір жұмыс — шабыт пен практикалық іс-әрекеттің бірігуінен пайда болатын өзіне жол табудың және өмірде кез келген мақсатты жүзеге асырудың сенімді тәсілі. «Ерте бастан жасалатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында мектебіміздің 4 «А» сынып оқушыларының арасында үй жағдайында тәжірибелік зерттеу жұмысы жүргізілді. «Еңбек және экология» фракциясының ұйымдастыруымен жүргізілген бұл өсімдік егу және оны бақылауға арналған тәжірибелік жұмысы ата-ананың көмегімен баланың өзін және айналасындағы әлемді білуіне және оған қамқор болуына ықпал етті.
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Оқушылардың бойында ізгілік, мейірім қалыптастырып , жақсылық жасап үйрену, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында «Құндылыққа негізделген қадам» жобасы аясында «Ізгілік нұры-қайырымдылықтың бастауы» тақырыбында мектебіміздің қамқорлық фракциясының мүшелері қаламыздың тұрғыны Нұржаубай атаның үйіне барып атаның хал-жағдайын сұрап, үй тұрмысына көмек жасап, ақ батасын алып қайтты.
«Спорт және Салауатты өмір салты» фракциясы Мінез-құлық қауіп-қатер факторлары
https://www.facebook.com/share/p/KvCkRbbwUWMLunns/
Әрбір жұмыс — шабыт пен практикалық іс-әрекеттің бірігуінен пайда болатын өзіне жол табудың және өмірде кез келген мақсатты жүзеге асырудың сенімді тәсілі. «Ерте бастан жасалатын экологиялық мәдениет» жобасы аясында мектебіміздің 4 «А» сынып оқушыларының арасында үй жағдайында тәжірибелік зерттеу жұмысы жүргізілді. «Еңбек және экология» фракциясының ұйымдастыруымен жүргізілген бұл өсімдік егу және оны бақылауға арналған тәжірибелік жұмысы ата-ананың көмегімен баланың өзін және айналасындағы әлемді білуіне және оған қамқор болуына ықпал етті.
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Оқушылардың бойында ізгілік, мейірім қалыптастырып , жақсылық жасап үйрену, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында «Құндылыққа негізделген қадам» жобасы аясында «Ізгілік нұры-қайырымдылықтың бастауы» тақырыбында мектебіміздің қамқорлық фракциясының мүшелері қаламыздың тұрғыны Нұржаубай атаның үйіне барып атаның хал-жағдайын сұрап, үй тұрмысына көмек жасап, ақ батасын алып қайтты.
«Спорт және Салауатты өмір салты» фракциясы.
https://www.facebook.com/share/p/KvCkRbbwUWMLunns/
“Экология және еңбек фракциясының» жұмыстарынан.
2022-23 оқу жылы
Өзін-өзі басқару ұйымы. Мектеп парламенті.
Таза аула-таза мектеп. Мектебімізде белсенді оқушылардың қатысуымен «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырылды.Оқушылар қызығушылықпен жүгіріп жүріп қоқыс жинап, белсенділік танытты.
https://www.facebook.com/share/p/N9NQidbMaRyLtjQs/
«Көңілді үзіліс»
Мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен «Сұрақ таңда!» қызықты үзіліс сәтінен.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектеп парламенті мүшелері үзіліс уақытында «Мақал -сізден, бауырсақ -бізден! » тақырыбында бауырсақ-пати ұйымдастырып, оқушылар мен ұстаздарымыз мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, бауырсақтан дәм татты.
https://www.facebook.com/share/v/uFjVCffVbH3mwUx8/
2023-2024 оқу жылы
Өзін-өзі басқару ұйымы.Мектеп парламенті бойынша атқарылған жұмыстар.
Мектеп оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан.
Мектеп парламенті бұл -оқушылардың өз еріктерімен біріккен, өзін -өзі басқару ұйымы. Мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсенді түрде атсалысып, қызығушылығы жоғары, әрдайым патриотты азамат болуға талпындыру мақсатында жаңа оқу жылы аясында мектеп президентігіне сайлауалды үгіт насихат жұмысы жүргізілуде. 8-9сыныптардан мектеп Президентіне және фракция министрлігіне үміткерлер оқушыларға өз бағдарламаларын таныстырып, белсене қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/FRR4LTWBkvsNyMAL/
Мектеп Парламенті президентінің сайлауы өтті.
«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының тұжырымдамасы ережесіне сәйкес мектеп президентін сайлауы өткізіліп, нәтижесінде:
Мектеп президенті – Құндақбаев Арман
Құқық және тәртіп фракциясы: Әбілбаев Шыңғыс
Ақпарат фракциясы: Әзілханова Нұрайым
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы: Лияс Гүлсана
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы: Темірбаева Назерке
Қамқорлық фракциясы: Іздібай Гүлбақыт
Мәдениет және өнер фракциясы: Қожамұратова Айдана
Дебат қозғалысының фракциясы: Аханова Қарлығаш
Экология және еңбек фракциясы: Сағатова Назерке
https://www.facebook.com/share/p/haQ9aSEMr99rzKEP/?mibextid=WC7FNe
Мектеп директоры Ә.Әбілбаевтың қатысуымен мектеп парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы ұйымдастырылып, өзін-өзі басқару ұйымының мақсат мен міндеттері, оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырылып, жауапты фракциялардың қызметтері, жетекшілері туралы айтылды. Және де былтырғы оқу жылында жұмыс атқарған мектеп парламенті мүшелеріне алғыс білдіріп, алдағы уақыттағы жұмыстарды бірлесіп атқару қажеттігі түсіндірілді.
https://www.facebook.com/share/p/bPqKSmVHLY1nyYLs/
Мектеп Парламенті фракциясы мүшелерінің ұстаздарды мерекелік құттықтауы.
https://www.facebook.com/share/v/u6NnhR8DfoAp1q34/
Мектебімізде 5 желтоқсан — Халықаралық «Еріктілер күніне» орай мектеп парламенті фракциясы мүшелерінің табиғатқа қамқорлық күні ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/v/xFJwGAD8mDeGifJq/
Қоғам тазалығы, қаланың экологиясын жақсарту үшін жағдай туғызу, оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін ояту, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын таза сақтау үшін өз үлесін қосу мақсатында 🌱»Экология және еңбек» фракциясы аясында жетекшісі Дариева Рахима мен Мырзабекқызы Ақботаның ұйымдастыруымен оқушылар арасында көрме жұмысы болып өтті.Оқушыларға тасталған қоқыстың табиғат пен адамға қаншалықты зиян екендігі, қанша уақыт бойы сақталатындығы түсіндіріліп, қоршаған орта тазалығын сақтауға шақырды.
https://www.facebook.com/share/p/KVbBLCu7FFjrYx8e/
Мектеп парламенті фракциясы мүшелерінің «Бір мақал -бір бауырсақ» тақырыбындағы көңілді үзілісінен.
https://www.facebook.com/share/v/2MNLaL6tpvPMA5pT/
Мектебімізде мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің 2020 жылғы түлегі Асылбек Әсел Асылбекқызымен болашақ жас журналист оқушыларымыздың кездесуі болып өтті.
Мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен Әмбебап жекпе-жектен 3 дүркін Әлем чемпионы және Азия чемпионы, UNIFIGHT-тан ҚР-нің еңбек сіңірген спорт шебері «Aral fighters» (Арал файтерс) клубының жетекшісі, жерлесіміз Сауытбаев Фарабидің қатысуымен оқушыларды төзімділікке, шеберлікке баули отырып, денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу, спортты сүюге тәрбиелеу, спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында мектебіміздің 8-9сынып оқушыларының спорт сүйер сағаты болып өтті.
https://www.facebook.com/share/p/SE7T9r522uZ6s2qV/
Мектебімізде мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен жыр мүшәйраларының жеңімпазы, айтыскер, ақын Ершат Қайболдин мен елге танымал бірнеше әндердің авторы, сазгер Дін Шораевпен кездесу кеші өтті.
https://www.facebook.com/share/p/UNJSqtzUbE1zMbzR/
Мектебімізде «Қамқорлық фракциясының» ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
https://www.facebook.com/share/p/NhkZj5PYw4A2RcNV
«ДосболLIKE: Достық қолын ұсын» акция аясында мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен оқушылармен таңертеңгілік сергіту сәті жүргізіліп, «Досыммен сурет саламын!» көңілді ойын, достық тақырыбында әнді жалғастыр, достық туралы қанатты сөздер айтудан жарыс ұйымдастырылды.